Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлдана Мырзуан ісі: Құрылыс салушыға қатысты іс тоқтатылды

Ұлдана Мырзуан прокурор сот
Фото: Видеодан скрин

Астанада жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сот отырысында прокурор тұрғын үй құрылысын салушысына қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыны іс материалдарына қосуды сұрады.

Сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы кондоминиум нысанының бұрынғы сенім білдірілген өкілдеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 254-бабы бойынша бөлек қылмыстық істің тіркелгені туралы құжатты енгізуді сұрады.

Келесі сот отырысы 16 қыркүйекте сағат 10:00-де өтеді. Онда зардап шегушіге ота жасаған нейрохирург пен қалалық бақылау және қалалық ортаның сапасы басқармасының бұрынғы маманынан жауап алу жоспарланған.

Еске салайық, бұған дейін сотта қорғаушы тарап маман Вероника Лобаева дайындаған рецензияны оқып, ондағы құрылысқа қатысты бірқатар тұжырымды жариялаған еді. Енді сот отырысына Лобаеваның өзі шақырылып, рецензияны қандай материалдар негізінде дайындағанын түсіндіріп, ғимараттан анықталған кемшіліктер туралы айтты.

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 10 Қыркүйек, 2026 16:41