AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның Украинаға әскер жіберуден бас тартқаны рас па?

Америкалық NBC телеарнасы “Қазақстан Ресейдің тиісті өтінішіне жауап ретінде Украинаға өз әскерін жіберуден бас тартты” деп мәлімдеді. Телеарна белгілі бір шенеунікке сілтеме жасады, алайда оның кім екенін атаған жоқ. Шын мәнінде, Қазақстан Украинаға әскер жіберуден бас тартты ма?

Бұл ақпарат әлемдік БАҚ-та кеңінен тарады. Қазақстанның ұстанымын Америка Құрама Штаттары құптағаны айтылды.

ҰҚШҰ әскерлері тек қатысушы елдердің аумағында ғана қолданыла алады, ал басқа жағдайларда қазақстандық бітімгершілікті БҰҰ мандаты аясында ғана басқа елге жіберуге болады. Яғни логикалық түрде мұндай өтінішті тіпті талқылау мүмкін емес. Ал ресми түрде айтылды деп растайтын деректер жоқ.

"Власть.кз" журналистері бұл бұрмалау "Оперативний ЗСУ" арнасында хабарланды деп болжады. Бірақ мұндағы ақпарат NBC арнасының сайтында жарияланған ақпараттан бір сағатқа кеш жария болған.

Бір қызығы, NBC авторы шенеуніктердің аты-жөнін атамайды (тіпті қай елдің шенеуніктері туралы сөз болып отырғаны да түсініксіз).



Бұрмалау Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің 22 ақпандағы мәлімдемесіне негізделген көрінеді. Мұхтар Тілеуберді журналистердің сұрағына жауап бере отырып, Украинада ҰҚШҰ күштерін пайдалануға заңды негіз жоқ екенін айтқан еді. Соныме қатар ДХР мен ЛХР-ны мойындау мәселесі күн тәртібінде тұрмағанын мәлімдеді.

Редакциялық әдістемеге сәйкес, біз бұл оқиғада манипуляция жасалды деген қорытындыға келеміз. Тақырыпта кликбейт қолданылады, деректер материалда көрсетілген ақпаратқа сәйкес келмейді, бұрмалау авторы тексерілген дереккөздерге сүйенбейді. Ресей-Украина соғысында қазақстандық бітімгершілікті қолдану туралы Ресейдің тарапынан өтініш жасалғаны туралы ешқандай дәлел жоқ.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр