AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иран мен Солтүстік Кореядан кейін: Ресейлік банктер SWIFT жүйесінен ажыратылады

Кейбір ресейлік банктер SWIFT жүйесінен ажыратылады. Бұл Украина дағдарысына байланысты санкцияға ұшыраған банктерге қатысты қолға алынған.

Бұған дейін батыс елдері санкция салған ресейлік барлық банк SWIFT жүйесінен шығарылады, сонымен қатар Ресей банкінің активтерін бұғаттау жоспарлануда, деп хабарлады Германия министрлер кабинетінің баспасөз қызметі Батыс елдері басшыларының келіссөздерінің қорытындысында.

Санкцияларды қатайту туралы шешімді АҚШ, Франция, Канада, Италия, Ұлыбритания, Германия және Еурокомиссия қабылдады.

"Халықаралық қауымдастықтың санкцияларына ұшыраған ресейлік барлық банк қажет болған жағдайда басқа да ресейлік банктер SWIFT халықаралық төлем жүйесінен шығарылады. Бұл аталған институттарды халықаралық қаржы ағындарынан оқшаулауға бағытталған, бұл олардың жаһандық қызметін айтарлықтай шектейді", - делінген хабарламада.

Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен мәлімдегендей, Орталық банктің транзакциялары тоқтатылады. Ауқатты ресейліктердің инвестиция орнына Еуропа азаматтығын алу мүмкіндігі де жойылады.

“Еуропалық Одақ серіктестерімен бірге ресейлік "олигархтарды" халықаралық қаржылық активтерін пайдалану мүмкіндігінен айыруға ниетті”, – деді Урсула фон дер Ляйен.

Егер Ресей Украинадағы арнайы операцияны тоқтатудан бас тартса, қосымша санкциялар қабылдануы мүмкін, деп қосты Германияның қаржы министрлігі.

Айта кетейік, SWIFT-ті жабуға мәжбүрлеген санкциялар әзірге тек Иран мен Солтүстік Кореяға қатысты қолданылған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр