AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстан президенті Ресейдің Украинадағы әскери әрекеттерін қолдады

26 ақпан күні Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы екі мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Екі ел басшысы қырғыз-ресей ынтымақтастығының күн тәртібіндегі өзекті мәселелерін талқылады. Садыр Жапаров пен Владимир Путин сондай-ақ халықаралық және аймақтық қауіпсіздік мәселелері, соның ішінде Украина төңірегіндегі жағдай туралы пікір алмасты", – деп хабарлады Қырғызстан президентінің әкімшілігі. 

Ал Мәскеу Жапаров Ресейдің Донбассты қорғау әрекетін қолдады деп мәлімдейді.

Владимир Путин мен Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров телефон арқылы сөйлесу барысында Ресейдің Украинада арнайы әскери операция жүргізуіне байланысты жағдайдың қалай болып жатқаны талқылады.



Садыр Жапаров Ресейдің Донбасстың бейбіт тұрғындарын қорғаудағы шешуші әрекеттерін қолдайтынын жеткізді. Владимир Путин Қырғызстан президентіне ұстанымы үшін алғыс айтты.

Сол күні кешке Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Ербол Сұлтанбаев Украинадағы жағдайға түсініктеме беріп, Қырғызстан тараптардың тез арада бітімге келуіне үміттенетінін айтты.

"Біз қазіргі жағдайды, соның ішінде келіссөздер арқылы, одан әрі құрбандар санының артуына жол бермеу үшін жағдайдың реттелуін құптаймыз", – деді Сұлтанбаев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр