AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зеленский: Біз елді азат ету үшін қанша күресу керек болса, сонша күресеміз

Украина президенті Владимир Зеленский кезекті бейнеүндеу жолдады. Бұл мәлімдеме мемлекет басшысының Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.

зеленский

"Біз елді азат ету үшін қанша уақыт қажет болса, сонша уақыт күресеміз. Балалар дүниеге келіп жатса да, тіпті атыс болып жатса да, жауға мүмкіндік бермейміз", – деді Украина президенті.

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресейге Украинадағы жағдай бойынша келіссөздер ұйымдастыруды ұсынған. Бұл туралы Владимир Зеленский мәлімдеді.

"Әлиев пен Ердоған Ресеймен келіссөздер ұйымдастыруды ұсынды. Мұны тек құптауға болады", – деді ел президенті.

"Мен Ердоғанға тәуелсіздігімізді қолдағаны үшін алғыс айттым. Түркия басшысы Ресей әскери кемелерінің Қара теңізге өтуіне тыйым салу өте маңызды екенін құптап отыр", – деді мемлекет басшысы.

Ол Әзірбайжан президентімен Украинаға мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу туралы әңгімелесті.

"Ильхам Гейдарович Әлиев – Украинаның жақсы досы. Мен онымен біздің елдегі мұнай жетіспеушілігі туралы әңгімелестім. Барлығы оңай емес, бірақ бәрі жақсы болады", – деп түсіндірді Украина президенті.

Ол сондай-ақ Еуропаның барлық елі Ресейді халықаралық SWIFT банкаралық аударымдар жүйесінен ажыратуға келісті деп мәлімдейді.

"Біздің дипломаттар Еуропаның барлық елдерін Ресейді халықаралық банкаралық желіден ажырату туралы шешімге келу үшін бар күшін салды. Біз маңызды жеңіске жеттік. Бұл Ресейге миллиардтаған зиян келтіреді", –  деді Владимир Зеленский.

Ал Киев маңындағы Васильковта ірі мұнай базасы өртенді. Қала басшысы Василькова Наталья Баласинович жергілікті мұнай базасы өртеніп жатқанын растады.

"Құрметті Васильковская қауымы. Болып жатқанның жағдайдың бәрін көріп отырсыздар. Өртті көріп отырсыздар. Өкінішке қарай, Крючкидегі танк паркі өртеніп жатыр", – деді шенеунік.

"Назар аударыңыз! Өрттен шыққан түтін мен зиянды заттар кез келген бағытта жүруі мүмкін, жел үнемі бағытын өзгертеді. Терезелеріңізді жабыңыздар", –  деп ескертті мемлекеттік арнайы коммуникациялар қызметі.


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр