AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Учаскелік полицей атқан": Солтүстік Қазақстан облысында жидек теріп жүріп оққа ұшқан әйелдің туыстары қайғылы оқиға туралы айтып берді

Солтүстік Қазақстан облысында орманда жидек теріп жүріп оққға ұшқан әйелдің туыстары қайғылы оқиғаның мән-жайын айтып берді. Олардың сөздерінше, иығына оқ тиіп мерт болған Алтынай Мұздықбаеваның өліміне кінәлі бостандықта жүр. Ал тергеушілер бұған көз жұма қарап отыр дейді. Ал полицейлердің мәліметінше, әйелді жергілікті аңшы құспен шатастырып атып тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап. 

адамдар

Бауманская ауылының тұрғындары әйелді аңшы атты дегенге сенбейді. 

"Мына төбеде көлік тұрды. Рөлінде қорқып қалған Лосеня отырды. Ал Қабай мына жерде тұрған. Алтынай осы жерде отырды, иығын қатты ұстап алған", – деді ауыл тұрғыны Әсет Байжиенов. 

Әсет Байжиенов – жарақаттанған Алтынай Мұздақбаеваны алғаш көрген адам. Сөзінше, қайғылы оқиға туралы ауылдасынан естіген. Зардап шеккен әйел құрбысына қоңырау шалып үлгерген. Алайда оққа ұшқан жерді айта алмаған. Кейін ауыл тұрғындары жаппай іздеу жұмыстарын бастапты. 

"Учаскелік полицей келіп, алып кет деді. Мен бас тарттым, беті барлығы қан болды. Қорқып кеттім, себебі әйел өзіне ақ көліктен оқ атқанын айтты. Сосын маған екі ұялы телефон берді. Мен алмадым, өзім үшін қорықтым", – деп қосты Әсет Байжиенов. 

Бауманская станциясының тұрғындары оқиға орнында болған учаскелік полицей мен оның серігі зейнеткер Сергей Лосеняның неліктен жедел жәрдем шақырмағанына таңданады. Куәгерлердің айтуынша, екеуінен де ішімдіктің иісі шығып тұрған. 

"Учаскелік полицей Альтеев Қабай Абайұлы әкесінен "Шу шығарма! Барлығын тыныш жасаймыз" деп айтқан. Мұны қалай тыныш жасауға болады? Адам жарақат алды, ал олар бірден алғашқы көмек көрсете алар еді. Бірақ олай істемеді. Атып тастаған соң дәлелдерді жасыруға кеткен. Қаруды, оқ пен гильзаларды жасырған. Тек осыдан кейін ғана барған", – деді марқұмның баласы Алтынбек Сайлауов.

Алтынайдың өмірі үшін жергілікті фельдшер арпалысқан, алайда әйел көп қан жоғалтудан аудандық ауруханаға бара жатқан жолда жан тапсырыпты. Құқық қорғаушылар жалғыз күдікті ретінде зейнеткер Сергей Лосеняны ұстаған. Бастапқыда ол атпағанын айтқан, келесі күні кенеттен барлығын мойындаған. 

Сергей Лосенямен бұрын бірге тұрған Ольга Федорченко зейнеткердің көру қабілеті нашарлағандықтан, бірнеше жыл бұрын аңшылықты доғарғанын алға тартады. Сөзінше, соңғы 7 жылдан бері өздігінен жаза алмайды екен. 

"Олар ізді жасырған. Тіпті қарумен атқан орынды да. Тек келесі күні барған, ал зейнеткерді қамап тастады. Оның неліктен барлық кінәні өзіне алып отырғанын білмейміз", – деді Ольга Федорченко. 

"Сергей Николаевичті алып келгенде оның қорқып тұрғанын көрдік, моральдық немесе физикалық қысым көрсеткен, ұруы мүмкін. Тіпті беті сырылып қалған. Полицияның учаскелік полицейді қорғап отырғаны сөзсіз", – деді тұрғын Сергей Проценко.

Ал оқ атылған қару сол күйі табылмаған. Күдікті қаруды көлге лақтырғанын айтқан. Алайда сүңгуірлер көлді зерттеп, қаруды таба алмаған. Марқұм Алтынай Мұздақбаеваның күйеуі Бас прокуратурадан толыққанды тергеу жүргізуді сұрайды. 

"Біз әділдікті қалаймыз. Лосеня оны өлтірген жоқ. Оған учаскелік полицей оқ атты. Астанадан адамдар келсін. Жамбыл ауданының полицейлері ештеңе істеп жатқан жоқ. Бір апта өтті, еш нәтиже жоқ. Күн сайын жылаймыз. Олар екеу болған. Ал Лосеня тек жүргізуші болған. Барлығын соған артып отыр. Себебі басшылық қол астындағылары үшін жауапты. Учаскелік полицейді бәрі жасырып отыр", – деді Ғалымжан Мұздақбаев. 

Егер кінәсі дәлелденсе, күдікті үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

"Алтынай Мұздақбаеваның өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық-процессуалдық кодекстң 24-бабы бойынша істің жан-жақты, толық тергелуі үшін барлық шаралар қабылданған. Куәгерлердің барлық жауаптары тексеріледі. Сотқа дейінгі тергеу нәтижесі бойынша қатысы бар адамдардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі", – деді СҚО Жамбыл ауданының прокуроры Талғат Төлегенов. 

Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында орманда жидек теріп жүрген әйелдің оққа ұшқаны туралы хабарлаған едік.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр