Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда Ыстамбұл мэрінің қамауға алынуына байланысты жаппай наразылық шерулері басталды

Түркияда Ыстамбұл қаласының мэрі Экрем Имамоглуның қамауға алынуына байланысты жаппай наразылық шерулері басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Коллаж Stan.kz

19 наурызда Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглу мен оның серіктестері қамауға алынды. Олар тергеу изоляторында 4 күн бойы қамауда болады. Имамоглуға сыбайлас жемқорлық, пара алу және заңсыз келісімдер жасады бойынша айып тағылған.

Айта кету керек, Экрем Имамоглу оппозициялық Республикалық халық партиясының (CHP) алдағы президент сайлауындағы президенттікке үміткері, әрі қазіргі президент Ердоғанның басты қарсыласы. Ол Ыстамбұл қаласының басшысын сайлау үшін өткізілген 2019 және 2024 жылғы жергілікті сайлауларда екі рет Ердоған басқаратын Әділет және даму партиясының (АКР) үміткерлерін айқын басымдықпен жеңген.

Экрем Имамоглуның тұтқындалуы Түркияда үлкен резонанс тудырып, наразылық шерулерінің басталуына себеп болды. Көшеге шыққан халық бұл әрекетті “демократияға жасалған шабуыл” деп бағалауда. Оппозиция бұл қадамды саяси қысым деп санаса, ал халықаралық қауымдастық жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр. 

Ыстамбұл университетінің студенттері қала басшысының ұсталуына қарсы наразылық шеруге шықты. Студенттердің қалың нөпірі жолдағы полиция бөгетін жарып өтіп, қала әкімшілігінің ғимаратына қарай аттанған. Полиция мен шерушілер арасында қақтығыстар болып, полиция көз жасаурататын газ бен резеңке оқтар қолданған.

Студенттер бөлек қала тұрғындары да қала басшысының ұсталуын заңсыз деп айыптап, шеруге шықты. Азаматтар Имамоглуны тұтқындалғаннан кейін апарылған Ыстамбұл полициясы ғимаратының алдында нарызылық білдірді.

Ыстамбұлмен қатар елдің Анкара, Измир, Ризе секілді қалаларында да наразылық шерулері басталып, шерушілер үкімет пен президент Ердоғанның отставкаға кетуін талап етуде.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by siyah şerit (@siyahserit1)

Еске салсақ, бұған дейін Ыстамбұл мэрі қамауға алынған соң түрік лирасының бағамы рекордтық деңгейде құлдырағаны туралы жазғн едік.

Талқылау