Түркістан облысының тұрғыны үйінде арыстан асыраған (видео)
Түркістан облысының тұрғыны үйінде арыстан мен жабайы құстар асыраған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Түркістан облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде сирек кездесетін жануарлар мен құстарға қатысты заңсыз әрекет ету фактісін анықтады.
Полиция қызметкерлері Сарыағаш ауданы тұрғынының үйінен бір арыстан, екі бүркіт, сұңқар, екі үкі және екі кекілік құсын тәркілеген.
Күдікті ер адам жабайы аңдарды өз қажеттілігі үшін асырағанын айтты. Полицияның мәліметінше, тәркіленген жануарлар Шымкент қаласындағы зообаққа орналастырылған. Қазір осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте жануарларды аулау орталығының қызметкерлері иттерді аяусыз ұрды деп айыпталғаны туралы жазған едік.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған