Түркістан облысындағы өрттен қаза тапқандардың есімдері жарияланды

Фото: Видео кадрларынан скрин
Түркістан облысындағы өртте қаза тапқан балалар мен ересектердің есімдері жарияланды. Үй иесі 34, ал оның жұбайы 31 жаста болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полицияның хабарлауынша, үйде отбасылық мереке сүндет той өткен. Алдымен мереке мейрамханада болған, кейін туыстар үйде жалғастырған. Алғашқы мәліметтерге қарағанда, қаза болған кәмелетке толмағандар бір үлкен отбасының балалары. Ал олардың әкелері – туған бауырлар.
Желіде қаза тапқандардың аты-жөні жарияланды:
- Шойбеков Дәуренбек Талғатбекұлы – 1991;
- Амантұрдиева Динара Қадырбекқызы – 1994;
- Талғатбек Әсия Дәуренбекқызы – 2015;
- Талғатбек Дана Дәуренбекқызы – 2017;
- Талғатбек Алуа Дәуренбекқызы – 2019;
- Талғатбек Әлихан Дәуренбекұлы – 2021;
- Талғатбек Әмірхан Дәуренбекұлы – 2021;
- Өмірзақова Маржан – 1990;
- Талғатбек Жансая Олжасұлы – 2009;
- Талғатбек Ассабур Олжасбекұлы – 2010;
- Талғатбек Мұхит Олжасбекұлы – 2012;
- Талғатбек Раяна Олжасбекұлы – 2024.
Еске салсақ, 18 қарашада таңертең Алғабас ауылындағы екі қабатты жеке үйден 12 адамның мәйіті табылып, тағы үш адам ауруханаға жеткізілген.
Талқылау
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді
Қастерлі Жолдыбалина бала күніндегі қымызмұрындықтың қазіргі мерекеден өзгеше болғанын айтады
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып