Түркістан әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып 21 жастағы шенеунік тағайындалды
Түркістан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметіне 21 жастағы Алдаберген Асыл Берікұлы тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Асыл Алдаберген 1998 жылы Түркістан қаласында туған. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің "Turkistan Adaldyq alany" жобалық кеңсесінің менеджері және басшысы болған.
2019 жылдың тамыз айынан бастап 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының көмекшісі қызметін атқарған.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"