Төтенше жағдайлар департаменті ауа райына байланысты Алматы тұрғындарына ескерту жасады
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті Қазгидрометтің 27 маусымға арналған болжамына сай қала тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

27 маусым күні сынап бағанасы 36 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады. Осыған орай Төтенше жағдай департаменті Алматы тұрғындарын күн сәулесінен қорғануға, барынша серуенге шықпауға шақырды.
“Жүрек-қан тамырлары ауруларынан, гипертониядан зардап шегетіндерге, сондай-ақ инфаркт пен инсульт қаупі бар адамдар үшін бұндай ауа райы қауіпті. Артериялық гипертониямен ауыратын адамдар қан қысымын үнемі қадағалап отыруы керек. Аптап ыстық бұндай жағдайдағы адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізеді”, – деді ТЖД баспасөз қызметі.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған