Қазақстанда жол жүру ережесінде жаңашылдық пайда болады
Қазақстанда жол жүру ережесінде жаңашылдық пайда болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның ”Информбюро” жаңалықтар порталына сілтеме жасап.

Жаңа стандартқа сәйкес, көлік жолындағы бір тұтас, қос тұтас және үзік жолақтар сары түспен боялады. Оған қоса, құжатта жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне баса ден қойылған.
Стандартқа сәйкес, қалаларда жақын арада сары түсті тор жолақтар, әрбір бағдаршамға таймер, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін көлік тұрақтайтын орындарда биіктігі бір метрлік кедергілер орнатылып, электромобильдерді зарядтау бекеттері маңына арнайы белгілер қойылмақ.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда электрсамокатқа қатысты жаңа стандарт енгізіліп жатқаны айтылған еді. Жаңа ережелерге сәйкес, электрсамокат жылдамдығы сағатына 25 шақырымға дейін шектелмек.
Бір доллар 500 теңге: Экономистер теңгенің құлдырауын болжады
Қазақстандық оқушыларға теріс басылған оқулық берілген: Баспа не дейді
Оқу жылы басталып, оқулықтардың жағдайына қатысты шағымдар көбейді
Астанада қыз 10-қабаттан секіріп кеткен: Полиция бейнежазбаларды туыстарына бермей отыр
Астанада 10-қабаттан секірген арудың достары телефонға мүлдем жауап бермейді