Төрт қолы мен төрт аяғы бар сәби дүниеге келді
Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында төрт қолы және төрт аяғы бар сәби дүниеге келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Need To Know-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Ерекше нәресте 23 тамызда Лавкушнагар қаласында 29 жастағы әйелден туған. Сәбидің кеуде тұсы мен іш аймағына қосымша екі қолы мен екі аяғы жалғасып орналасқан.
Дәрігерлер мұны өте сирек кездесетін “паразит егіз” құбылысы болуы мүмкін деп болжап отыр. Мұндай жағдайда жүктілік кезінде егіздердің бірі толық дамымай, екіншісінің денесіне жабысып қалады.
Нәрестенің салмағы шамамен үш келі. Қазір оның жағдайы тұрақты. Дәрігерлер толық медициналық тексеру жүргізіп, әрі қарайғы емдеу жолын анықтамақ.
Ерекше сәбидің дүниеге келгені туралы хабар тараған соң, аурухана маңына оны көруге келген адамдар жиналған. Үндістанда мұндай туа біткен ерекшелігі бар балаларды кейбір тұрғындар құдайдың жердегі бейнесі деп қабылдайтыны айтылады.
Алматыда әскери қызметкер сағызға қақалған қыздың өмірін қалай құтқарып қалғанын айтып берді
Хасен-Сұлтан оқиға дүкендегі бейнебақылау камерасына түсіп қалғанын айтады
Алматыда Непалдағы ауқымды сел тасқыны қайталануы мүмкін бе: Сарапшылар қауіпті бағалады
Сарапшы Ақсай бөгеті құрылысының тоқтап қалғанына алаңдаулы