Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғалидің қызылордалық жерлестері әншінің сахнадағы әрекетіне қатысты пікір білдірді

Павлодар облысына концерт беруге барған Төреғали Төреәлінің басы үлкен дауға қалған еді. Сахна төрінде тұрып, дөреке сөз сөйлеген Ұлы дала баласының бұл әрекеті көпшілікке ұнамай қалғаны да рас. Осы ретте әәншінің жерлестерінің орын алған жағдайға байланысты пікірлерін білу мақсатында Stan.kz сайтының өңірдегі тілшісі тұрғындарды сөзге тартқан болатын.

Төреғали Қызылордаға жақында келген болатын. «Туған жерге тағзым» облыстық форумында сөз сөйлеп, ән салған жігіттің бұл әрекеті сырбойылықтардың қатты көңілін қалдырғанға ұқсайды. «Видеода Төреғалидің ішіп алғаны анық байқалады. Сау адамның жүрген жүрісі мен сөйлеген сөзі ондай болмайды ғой. Қаншама жыл еңбектеніп жүрген әнші бір сәтте абыройынан айырылды. Бұл халықты сыйламаушылық. Жұлдыз ауруына шалдыққан ау бұл бала», – дейді қала тұрғыны Света Альмуханова. «Төреғалидің бұл әрекеті нағыз әдепсіздік пен мәдениетсіздіктің белгісі. Жұрттың алдында былай сөйлеген әнші болашағын ойламағанға ұқсайды. Оның үстіне сахнаға арақ ішіп шыққан Төреғалиді қалай ақтап алуға болатынын түсінбеймін»,, – дейді Жанат Әбдіқадырова есімді тағы бір тұрғын.

Алайда қызылордалықтардың арасында Төреғалиді жақтап, оны ақтап алуға тырысқан жандар да кездесті. «Төреш Байқоңырдың тумасы. Ол туған жеріне арнап, Аралға арнап өлеңдер шырқағанда мақтаныш сезімі кернейтін. Бұл әрекетін әрине мен құптамаймын. Енді сахнаға сырқаттанып шықтым деп жатыр ғой. Түсіністікпен қарауға болады», – дейді Асел Оспанова.

Осы жағдайға байланысты Сыр елінің атақты өнерпаздары да өз пікірлерін білдірді. «Өнер» деп аталатын бір кемедегі әріптестері Төреғалиді бұл әрекеті үшін сахнадан қуып жіберуге болмайды дейді. «Өнер жолында жүрген кісілер үшін өте қиын. Бәсекелестік ортада еңбек ету оңай шаруа емес. Менің ойымша Төреғалиге қастандық жасалған сияқты. Мен нақты әрине айта алмаймын. Бірақ ертеңгі күні біреу ішіп отырған сусынына зиянды зат араластырып жібергені анықталса таңқалмаймын. Төреш өте мәдениетті әрі үлкенді сыйлай алатын жігіт. Бірнеше мәрте тойларда, концерттерде жолыққанбыз. Сонда тек құрметін көрсетіп, сыйластығын білдіріп тұратын», – дейді ҚР Еңбек сіңірген әншісі Күлән Қалымбетова.

«Қазақстан дауысы» жобасының финалисті әрі сырбойылық әнші Мақсат Мақұлбеков те тақырып турасында пікірін білдірген еді. «Төреғали қызылордалық әрі Кіші жүздің жігіті. Қызу қанды азамат. Бұл жерде Төрешке қарата сөйлеген қарияның да видеосын салып көрсету керек еді. Айқау – шу болған жерде кінә тек бір адамнан болмайды ғой. Сол себепті мәселенің байыбына бару керек ияқты. Әрине, өнерпазды өсіретін де өшіретін де – халық. Сол себепті сахнада мұндай әрекетке бармауы керек еді. Ана қарт кісінің егер ескертуі болса, әншінің өзіне жолығып, сынын айтуы керек еді. Қандай жағдай болса да Тқреғали азаматтық жасап, халықтың алдында кешірім сқрады. Бұл тәрбиеліліктің белгісі ғой. Сол себепті халық өз ұлының бір еркелігін кешіреді деп ойлаймын», – дейді жас әнші.

Материалды көшіріп басу үшін Stan.kz сайтының хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Оқи отырыңыз:

Димаш Құдайбергенді қытайлық фанаттары таптап кете жаздады (видео)

Халықтан кешірім сұраған Төреғали Төреәлі сахнадағы ерсі әрекетіне қатысты жауап берді

Төреғали мен павлодарлық қария арасындағы даудың не себепті туындағаны белгілі болды

Талқылау