Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергенді қытайлық фанаттары таптап кете жаздады (видео)

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген әлемдік турнеге аттанып, Қытайда жеке концертін берді. Әншіні қытайлықтардың қуана қарсы алып, жылы қабылдағаны сонша, концерт залында ине шаншар орын болмаған. Десе де Димашты шығарып салмақ болған фанаттары  әншіні таптап кете жаздады, деп хабарлайды Stan.kz.

Димаш Құдайберген Қытайда концертін өткізгеннен кейін, фанаттары әуежайда әншіні шығарып салды. Тыңдармандар қарасының көп болғаны сонша, олар әншіге ұмтылып, таптап кете жаздады.

Сондай-ақ әуежайға жиналған Димаштың қытайлық фанаттары әншінің бірнеше әнін шырқады.

Бұл туралы Димаштың өзі Instagram желісіндегі парақшасында жазып, тыңдармандарына алғыс айтты.

 

«Командамызбен Пекинге ұшып бара жатқанымызда лық толы тыңдармандар әуежайда əндерімді айтып, шығарып салды. Маған деген əрдайым көрсетіп жүрген құрметтеріңіз үшін үлкен рахмет! Мен бақыттымын. Ұмытылмас күндеріміз көп болсын», – деп жазды әнші.

Естеріңізге сала кетсек, 16 желтоқсанда Димаш Құдайберген Қытайдың Чанша қаласында үлкен ән кешін өткізіп, Құрманғазының «Адайын» домбырамен тартқан еді.

Оқи отырыңыз:

Халықтан кешірім сұраған Төреғали Төреәлі сахнадағы ерсі әрекетіне қатысты жауап берді

Төреғали мен павлодарлық қария арасындағы даудың не себепті туындағаны белгілі болды

Бауыржан Байбек “Голос. Дети” байқауының жеңімпазы Данэлия Төлешовамен кездесті

Алматыда әкесі өртеп жіберген қыз қайтыс болды

Еліміздегі беделді «OrdaFM» радиосы Төреғалидың барлық әндерін эфирден алып тастады

Талқылау