Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғалиді кешіргем: Асхат Садырбай әншімен болған дау жайлы шындықты жайып салды

Павлодарда концерт бергеннен кейін қоғамның талқысына түсіп, басы дауға қалған Төреғали Төреәлі дауы үдей түспесе, басылар емес. Қарияға ұрысамын деп көпшіліктің ашуын тудырып алған әншіні халықтан бөлек, өнердегі әріптестері мен ел азаматтарды да сынға алды. Ал белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызының Төреғали мен тілші Асхат Садырбайға қатысты қатысты жазбасынан кейін бұл мәселе ушыға түскендей. Бұл орайда Асхаттың өзі мәселенің мән-жайын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Төреғалиді кешіргем: Асхат Садырбай әншімен болған дау жайлы шындықты жайып салды

Танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Төреғалидің тағы бір былығын әшкерелеп, масқаралады. Ол әншіні сынағаны үшін өзіне мін таққандарға дәлел келтіріп, Төреғалидің шын мәнінде қандай адам екенін ашып берді

Бибігүл Дәулетбекқызы Төреғалидің журналист Асхат Садырбайға жазған былапыт сөздерін жариялады. Сондай-ақ, отандық әншіге қоқан-лоққы көрсеткен азаматтың аудиожазбасын сөзінің дәлелі ретінде келтірді. Ол жазбадағы қос азаматтың кім екенін ашып айтпады.

Алайда көпшілік, ондағы әңгіме әнші Талғат Жорабаев пен Төреәлі Төлеповтің арасында өрбіген деп болжады.

«Мына аудиожазбаны тыңдап көрсеңіздер, кімнің кім екенін білесіздер. Асхат Садырбайға да жазған сөздерін оқи отырыңыздар. Шоу-бизнестегілер маған базынасын айтты. Әрі қарай өздеріңіз көрерсіздер. Ертең министр Арыстан Мұхамедиұлы туралы постымда толығырақ жазамын. Жолдан шаршап келдім. Қазір төрештеріңізді ойлайтын шамам жоқ. Аман болыңыздар!» – деп түйіндеді сөзін журналист.

Өз кезегінде Төреғалидің басындағы дауға қатысті пікір білдірген Асхат Садырбай әншіні де қарияны да жақтамайтынын ашып айтты. Сондай-ақ ол Төреғали екеуінің арасында орын алған дауды әлдеқашан ұмытып, әншіні кешірген екен.

«Жалпы мен дау-дамайды ұнатпайтын адаммын. Бірақ неден қашсаң сол алдыңнан шығады деген қағида бар ғой. Біріншіден, Төреғалиге қатысты видео шыққалы маған пікір білдірсеңізші деп жатқандар көп. Мен ешқандай пікір білдірмедім, білдірмеймін де. Неге? Себебі мен сот емеспін. Оқиға болған жерде болған жоқпын, көзбен көрген жоқпын. Екі тарапты да жақтай да, мақтай да алмаймын. Қателессе қателескен шығар, бәріміз пендеміз, қателесеміз. Сол қателікті мойындап, кешірім сұраса, қайталамаса болды бастысы.

Мен табалағыш емеспін. «Сізге де дөрекі сөйлеп жазып еді ғой, көрдіңіз бе енді не болды» дегенге де келіспеймін. Қурай сынса да Құдайдың қалауымен. Алла бізге мұқтаж емес. Не қалайды сол болады. Өзімізді ондай әулиеге теңеу дұрыс емес. Иә, менің тарапыма да артық кеткен жерлері болды. Бірақ мен кешіргенмін, тіпті оны телеарнаға да айтқанмын сұxбат беріп. Екінші мәселе, ақпарат порталдарын жаулап кеткен скриншот пен Бибігүл Дәулетбекқызымен болған әңгіме. Мен оны Бибігүлмен әңгімелесіп отырып жазғанмын. Алла куә оны жұртқа жарияласын деген мақсатпен жіберген жоқ едім. Бірақ, Бибігүл сәл асығыстық жасап менің рұқсатымсыз салып жіберіпті.

Ал, аудиодағы жазба менің дауысым емес, Талғат Жорабаевтың дауысы. Кеше желідегі историяға салсам, «қорқып жатырсыз ба, Талғатты ұстап беріп жатырсыз ба?» деген сұрақтар келді. Алдымен, Талғат менің құда балам, досым, бауырым. Мен оны ешқашан сатпаймын. Одан кейін, екеуміз де тек Алладан қорқамыз.

Қайталап айтам, жығылғанға жұдырық жасау мақсатым емес еді. Арасына қалай кіріп кеткеніме таңым бар. Мен кешіріп қойғам. Төреғалиға сәттілік тілеймін.Ал, Бибігүлдің журналистік, блогерлік позициясына қарсылығым жоқ. Әр қазақ менің жалғызым!» – деп жазды Асхат Садырбай.

 

 

Қайырлы күн. Жалпы мен дау-дамайды ұнатпайтын адаммын. Бірақ неден қашсаң сол алдыңнан шығады деген қағида бар ғой. Біріншіден, Төреғалиге қатысты видео (Павлодар) шыққалы маған пікір білдірсеңізші деп жатқандар көп. Мен ешқандай пікір білдірмедім, білдірмеймін де. Неге? Себебі мен сот емеспін. Оқиға болған жерде болған жоқпын, көзбен көрген жоқпын. Екі тарапты да жақтай да, мақтай да алмаймын. Қателессе қателескен шығар, бәріміз пендеміз, қателесеміз. Сол қателікті мойындап, кешірім сұраса, қайталамаса болды бастысы. Мен табалағыш емеспін. «Сізге де дөрекі сөйлеп жазып еді ғой, көрдіңіз бе енді не болды» дегенге де келіспеймін. Қурай сынса да Құдайдың қалауымен. Алла бізге мұқтаж емес. Не қалайды сол болады. Өзімізді ондай әулиеге теңеу дұрыс емес. Иә, менің тарапыма да артық кеткен жерлері болды. Бірақ мен кешіргенмін, тіпті оны телеарнаға да айтқанмын сұxбат беріп. Екінші мәселе, ақпарат порталдарын жаулап кеткен скриншот пен Бибігүл Дәулетбекқызымен болған әңгіме. Мен оны Бибігүлмен әңгімелесіп отырып жазғанмын. Алла куә оны жұртқа жарияласын деген мақсатпен жіберген жоқ едім. Бірақ, Бибігүл сәл асығыстық жасап менің рұқсатымсыз салып жіберіпті. Ал, аудиодағы жазба менің дауысым емес, Талғат Жорабаевтың дауысы. Кеше историяға салсам “қорқып жатсыз ба, Талғатты ұстап беріп жатсыз ба?” деген сұрақтар келді. Алдымен, Талғат менің құда балам, досым, бауырым. Мен оны ешқашан сатпаймын. Одан кейін, екеуміз де тек Алладан қорқамыз. Қайталап айтам, жығылғанға жұдырық жасау мақсатым емес еді. Арасына қалай кіріп кеткеніме таңым бар. Мен кешіріп қойғам. Төреғалиға сәттілік тілеймін.Ал, Бибігүлдің журналистік, блогерлік позициясына қарсылығым жоқ. Әр қазақ менің жалғызым! Алла жүректеріңізге иман берсін. Әр сөзіміз үшін Алла алдында жауап береміз. Жұма мүбарак!

Публикация от Askhat SADYRBAY (@askhatsadyrbay)

Естеріңізге сала кетсек, Төреғали Төреәлі Павлодарда өткен концертінде сахна төрінде тұрып қарияға ұрысып, залдан қуған еді.

Мұнан кейін Ұлы дала баласын өнердегі әріптестері Меруерт Түсіпбаева, “Жігіттер” тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов пен әншінің жерлестері сынап, оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Ал әнші Бүркіт Төреғалиге қолдау білдіріп, араша түскен еді.

Артынан мәскеленің ушығып бара жатқанын аңдаған Төреғалидің өзі халықтан кешірім сұрады.

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолындағы асатаяғында лифт орналасқан алып Абылай хан монументі: Жоба құрылысына жұмсалатын қаражат айтылды

Ескерткіштің биіктігі 54 метрге жетеді екен

Бас прокуратура қазақстандықтарды заңсыз наразылық акцияларын өткізбеу туралы ескертті

Бас прокуратура заңсыз жария акцияларға қатысудан тартынуға шақырды

Тірілерді қойып, марқұмдардың мазасын алуда: Алматы облысында бұзақылар қорымға ұрлыққа түскен

Олар шойын қоршауларды қолды қылған

Павлодарда банкомат тонамақшы болған азамат оны жарып жіберді

Ең қызығы, банкоматтың ішінде ақша болмай қалған

Семіздік адамды өлімнен құтқарды

Семіз адам баспалдақтан құлап, үлкен ішінің арқасында аман қалды

Нұр-Сұлтанда ер адамдар арасындағы төбелестің кесірінен бала автобустан құлады

Бала орын үшін төбелескен ер адамдардың кесірінен адамға лық толы автобустан құлады

Меценаттар Алматы облысындағы көп балалы отбасына баспана сыйлады

Алматы облысындағы кәсіпкерлер көп балалы отбасына үй сыйлады

Әзірбайжанда коронавирустың алғашқы жағдайы тіркелді

Әзірбайжанға Ираннан келген Ресей азаматынан коронавирус анықталды

2019 жылы босану кезіндегі әйелдер өлімінің жартысын болдырмауға болар еді - Денсаулық сақтау министрлігі

2019 жылы Қазақстанда ана өлімінің 54 жағдайы тіркелді

Қазақстанда полицей тас жолға жүргізушілерді жібермеу үшін жолға жатып алды

Жабылған тас жолға жүргізушілерді жібермеу үшін жолға жатты
Çàãðóçêà...