Төреғали Төреәлі 33 жасын дүркіретіп атап өтті
Фото: Видеодан скриншот
Танымал әнші Төреғали Төреәлі туған күнін жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі жақындарының басын қосты.
"Бүгін мен үшін ерекше күн.
Менің өмірімнің 33-беті ашылды.
33 жай ғана сан емес.
Бұл – өткенге шүкіршілік, келешекке жауапкершілік.
Бұл – сабыр мен сенімнің жасы.
Өмір маған көп нәрсе үйретті.
Жоғалтуды да, табуды да,
қателесуді де, қайта тұруды да.
Ал бәрінен бұрын – шүкір етуді.
Мен бүгін туған күнімді атап өтсем,
ертеңнен бастап ел арасына шығамын –
үлкен тур басталады.
Байқоңырдан бастап, Қызылордаға,
әр қалаға, әр жүрекке сапар шегемін”, – деп жазды әнші.
Еске салайық, эстрада жұлдызы әншілік мансабын аяқтаймын деген еді.
“Болды. Мен бәрін тоқтаттым. Сахна. Камера. Ән. Жарық. Келесі қадам – үнсіз”, – делінген жазбада.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген