Алматыда қала күніне орай өтетін 3D-шоуға 198,2 миллион теңге жұмсалмақ
Алматыда Қала күніне орай өтетін 3D-шоуға 198,2 миллион теңге жұмсалмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекеттік сатып алудың тапсырыс берушісі – Алматы қаласының мәдениет басқармасы.
Мемлекеттік сатып алу порталындағы деректерге сүйенсек, 3D Mapping Show ҚБТУ ғимаратының қасбетіне проекцияланады. Шоу кемінде жеті минутқа созылуы тиіс. Бұл ретте бейне музыкамен, жарықпен және отшашумен синхрондалады.
Іс-шара 19–20 қыркүйек күндері өтеді. Ал 20 қыркүйек – Алматыда дәстүрлі түрде Қала күні аталып өтетін айдың үшінші жексенбісі.
Шоу үшін кемінде 20 кәсіби лазерлік проектор, 50 роботтандырылған жарық құрылғысы, кемінде 40 кең жолақты акустикалық жүйе және 40 сабвуфер орнатылуы тиіс.
Шоу 3D-шоудың соңғы көрінісімен синхрондалған, кемінде жеті минутқа созылатын отшашумен аяқталады.
Еске салсақ, 2025 жылы Алматыда қала күнін тойлауға 380 миллионнан астам қаражат жұмсалғаны туралы жазған едік.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
