Төреғали Төреәлі Алматыдан көшіп кетті
Фото: https://www.instagram.com/farizatoreali/
Танымал әнші, хитмен Төреғали Төреәлі Алматыдан көшіп кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңалықты әншінің қарындасы жариялады.
“Ағам мен жеңгем Астанаға көшті. Аллаға шүкір! Астана ұнап жатыр, орнығып үйренісіп жатыр. Енді бәріміз бір қаладамыз”,– деп жазды Фариза Төреәлі.
-
"Сенбесімді білмедім сенерімді": Төреғали Төреәлінің әкесі ұлын өнерден кетпеуге шақырды
-
"Бәрін тоқтаттым": Атышаулы Төреғали Төреәлі әншілік мансабын аяқтады
Айта кетейік, әнші бүгінде ешқандай ішімдік ішпейтінін жасырмаған еді.
"Сыра әкеп беремін бе, дейсің бе? Жоғи, қойғанмын, қойдым ғой. Кеше тоқтаттым деген жоқпын ба! Ұят қой. Тағы да Алакөлге келіп, ішіп алыпты деп жүрсе. Анда-санда демалу керек. Бірақ жұмыс та істеу керек", – деген еді Төреғали Төреәлі.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"