Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Құрылтай сайлауы өтетін күнді белгіледі

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарын сайлауды 2026 жылғы 23 тамызға тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға дайындықты және оны өткізуді ұйымдастырсын.

Қазақстан Республикасының үкіметі, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдасын", - делінген қаулыда.

Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

 Айта кетсек, 1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді. Енді елімізде бір палаталы Парламент – Құрылтай жұмыс істейді. Оның құрамына 145 депутат сайланады. Сайлау бұрынғыдай тек партиялық тізімдер бойынша өтеді.

Еске салайық, 15 наурыз күні Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдауға қатысты референдум өтті. Мемлекет басшысы да Оқушылар сарайында орналасқан № 51 референдум учаскесінде дауыс берді.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 01 Шілде, 2026 14:20