Тоқаев Пашинянды Армения премьер-министрі лауазымына қайта тағайындалуымен құттықтады

Тоқаев Армения премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянды Армения премьер-министрі лауазымына қайта тағайындалуымен құттықтап, армян халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Никол Пашинян жылы лебізге ризашылығын білдіріп, Қазақстан президенті мен халқына Құрылтай сайлауын сәтті өткізуге тілектестігін жеткізді.
“Президент пен премьер-министр қазақ-армян қарым-қатынасы қарқынды түрде дамып келе жатқанына көңіл толатынын атап өтіп, екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендерін растады”, – делінген Ақорда хабарламасында.
Сонымен қатар әңгіме кезінде былтыр қараша айында Армения Үкіметі басшысының Астанаға жасаған ресми сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысы талқыланған.
Сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты кеңейтуге баса назар аударылды.
Еске салсақ, 2026 жылдың маусымында Армениядағы парламенттік сайлауда Пашиняннің партиясы жеңіске жеткен еді.
Алматыдан Балиге дейін велосипедпен жеткен қазақстандық жұп 10 айлық сапары туралы айтып берді
Алина: "Таиландта бізді тонауға тырысты, Қытайда балшық үйде тұратын адамдармен кезіктік"
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген
Оқыңыз