Армениядағы парламенттік сайлауда Пашиняннің партиясы жеңіске жетті

Ұлттық жиналысқа сайлауда "Азаматтық келісім" партиясы жеңіске жетіп, үкіметті жеке дара құрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сайлаудағы жеңісі тіралы Арменияның премьер-министрі әрі "Азаматтық келісім" партиясының төрағасы Никол Пашинян баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Оның айтуынша, 2021 жылғы алдыңғы сайлаумен салыстырғанда партияны қолдаған азаматтар саны артқан.
"2021 жылмен салыстырғанда "Азаматтық келісім" партиясы Армения Республикасының көбірек азаматының дауысын алып, көп азаматтың сенім мандатына ие болғанын атап өткім келеді. Бұл бізге үлкен жауапкершілік жүктейді", – деді премьер-министр.
"Армения халқы Түркия және Әзербайжанмен бейбіт қарым-қатынасты қолдап дауыс берді" деді Пашинян Media From Turkiye басылымының журналисі қойған сұраққа жауап беріп. Ол сондай-ақ бұл елдерден оң реакция күтетінін атап өтті.
"Әрине, біз Түркиямен шекараның ашылуын күтеміз", – деді ол.
Пашинян сайлау нәтижелері азаматтардың мемлекет, тәуелсіздік және бейбітшілік жолындағы таңдауын көрсететінін атап өтті. Оның сөзінше, бұл Армения Республикасының азаматы өз мемлекетінің қожайынына айналды, тәуелсіздіктің иесі болды, болашақтың иесі болды, бейбітшіліктің иесі болды деген сөз.
“Құрметті Армения Республикасының азаматтары, баршаңызды жақсы көремін, баршаңызды мақтан тұтамын және баршаңызға тағзым етемін. Қаза тапқан батырларға мәңгілік даңқ, жасасын Армения Республикасы", – деп түйіндеді Пашинян.
Сайлаудың ресми қорытындылары әзірге жарияланған жоқ, дауыстарды санау жалғасып жатыр.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек