Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

100 жылқы ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қарияға кәсіпкер пәтер сыйлады (видео)

Пәтер кілтін табыстау сәті
Фото: Видеодан скрин

Ақтөбеде 33 жыл бойы байдың жылқысын бағып, ақыр соңында 100 жылқы ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қарияға кәсіпкер пәтер сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

33 жыл бойы жылқы баққан Рахат Сәрсенбайдің тағдыры қоғамда үлкен резонанс тудырды. “100 жылқым жоғалды” деген қожайын 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген. Осы іс бойынша жылқышы Рахат Сәрсенбайдың апаттық жағдайдағы үйі кепілге қойылғаны туралы жазған едік. 

Ал бүгін қарияға ақтөбелік кәсіпкер, құрылыс компаниясының иесі Азамат Усимбеков пәтер кілтін табыстады. Желіде жарияланған видеодан қарияның көз жасына ерік бергенін байқауға болады. 

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облыстық апелляциялық соты өмір бойы жылқы баққан 60 жастағы Рахат Сәрсенбайды түрмеден босатқаны туралы жазған едік. Қожалық иесінің арызынан кейін жылқы ұрлады деген айыппен 7 жылға сотталған. Жылқышының мойнына 30 миллион теңге шығын ілінген. Апелляциялық сотта ұсынылған қосымша дәлелдерден кейін бір ғана жылқының жоғалғаны анықталып, жылқышы сот залынан босатылды. 

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 04 Тамыз, 2026 18:31