66 жыл бұрын отбасынан ажыраған ер адам басқа елден 50-ге жуық туысын тапты

АҚШ тұрғыны Карло Арко ұзақ жылдар бойы армандаған мақсатына жетіп, Италиядағы туған-туыстарын тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі People-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Карло 1952 жылы Италияның Турин қаласында дүниеге келген. Алайда туған отбасы одан бас тартқан. Алдымен ол діни мекемеде тәрбиеленіп, кейін америкалық отбасының қамқорлығына берілген.
66 жасында Карло инсульт алған. Денсаулығы сыр бере бастаған кезде ол жұбайына туған-туыстарын тауып, олармен қауышуды армандайтынын айтқан. Осыдан кейін әйелі оған ДНҚ-тест тапсыруды ұсынады.
Тест нәтижесінде Карло Сицилия аралында тұратын 67 жастағы бір әкеден туған інісі Анджело Юппаны тапқан. Анджело алғашында бұл жаңалыққа күмәнмен қараған. Бірақ Карлоны видеодан көрген сәтте оның өз ағасы екенін бірден түсінген. Өйткені Карло әкесіне қатты ұқсайтын.
ОқыңызКейін ол Италиядан 50-ге жуық туысын тауып, арнайы АҚШ-қа келген інісімен кездескен. Алайда Карлоның өзі Италияға барып үлгермеді. Ол 71 жасында өмірден өтті.
Ол қайтыс болғаннан кейін жұбайы мен қызы Сицилияға барып, туыстарымен кездесті және Карлоның дүниеге келген жерлерін аралады. Қазір екі отбасы интернет арқылы байланысын үзбей, алдағы кездесулерін жоспарлап отыр.
Алматыдан Балиге дейін велосипедпен жеткен қазақстандық жұп 10 айлық сапары туралы айтып берді