Ер адам бір күнде екі рет лотерея ұтып, 186 миллион теңгеге байыды
АҚШ-тың Огайо штатында тұратын ер адам бір күннің ішінде лотереядан екі рет ұтып, қомақты қаржыға ие болды. Ол аты-жөнін жарияламауды жөн көрген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі People-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Алғашқы билеті иесіне екі таңдау ұсынған: 25 жыл бойы жыл сайын 40 мың доллардан алу немесе бірден 500 мың доллар көлеміндегі төлемді иелену. Ер адам ақшаны бірден алуды таңдаған.
Күтпеген сәттілікке таңғалған ол сол күні тағы бір лотерея билетін сатып алады. Екінші билет оған тағы 25 мың доллар ұтыс әкелген.

Салықтар ұсталғаннан кейін жеңімпаздың қолында шамамен 384,5 мың доллар, яғни 186 миллион теңгеге жуық қаражат қалады.
Ер адам ұтыстың бір бөлігін демалысқа және жаңа көлік сатып алуға жұмсамақ. Сондай-ақ балаларына ақша беріп, қалған қаржыны банк шотына салуды жоспарлап отыр.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген