"Дәлел жинап жатырмыз": Ұлдана Мырзуанның күйеуінің қазіргі жары желідегі сынға байланысты сотқа жүгінбек

Бірнеше күн бұрын Астанада қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайы Әділет Зейнелдің қайта үйленуі қоғамда қызу талқыланған еді. Енді Әділет Зейнелдің қазіргі жұбайы Жұлдыз Мырзалы туыстарымен бірге әлеуметтік желідегі жазбалар мен пікірлерді жинап, ықтимал сот ісіне дайындалып жатқанын мәлімдеді. Бұған қазақстандықтардың оны және жаңа жолдасын жаппай сынға алуы себеп болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы Threads қолданушыларының бірі мәлімдеп, Жұлдыз Мырзалымен хат алмасқан скриншоттарын жариялады. Жарияланған жазбаларға қарағанда, отбасы өздеріне бағытталған қорлау, жала және дәлелсіз айыптаулар бар посттар, пікірлер, скриншоттар мен видеоларды жинап, тіркеп жатыр.
“Барлық қорлау, жала және дәлелсіз айыптауларды мамандар қарайды. Біз кінәлі болғандықтан немесе жауап берер сөзіміз жоқ болғандықтан үндемей отырған жоқпыз. Қазір дәлел жинап жатырмыз”, – деп жазды ол.
ОқыңызСондай-ақ Жұлдыз жалған парақшалар арқылы жазба жариялап жүргендер де жауапкершіліктен құтыла алмайтынын ескертті.
“Әр адам өз әрекеті мен сөзіне жауап беруі керек. Жалған аккаунт ашу сіздерді таба алмаймыз дегенді білдірмейді. Біз бұл жұмысты енді бастадық. Әр нәрсенің өтеуі болады”, – деді ол.
Айта кетейік, бүгін әлеуметтік желіде Астанада былтыр қызметтік міндетін атқару кезінде қайғылы қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайы Зейнет Әділеттің қайта шаңырақ көтергені қызу талқыға түсті. Марқұмның қазасынан кейін ол әлеуметтік желіде жарына арнап әсерлі жазбалар жариялап, қайғысын бөліскен болатын. Алайда арада сегіз ай өткен соң оның қайта үйленгені белгілі болды.
Бұл жағдай желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Көпшілік әйелінің дүниеден өткеніне бір жыл толмай жатып қайта шаңырақ көтергеніне таңданысын білдіріп, сын пікірлер жазды.
Алматыдан Балиге дейін велосипедпен жеткен қазақстандық жұп 10 айлық сапары туралы айтып берді