Ninety One солисі Alem екінші рет әке болуға дайындалып жүр
Ninety One тобының әншісі, Alem лақап атымен танымал Батырхан Мәліков жұбайы Вероника Жанғаловамен бірге қуанышты жаңалығын бөлісті. Жұлдызды жұп екінші сәбиін күтіп жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сүйінші жаңалықты олар әлеуметтік желідегі әсерлі видео арқылы жариялады. Таулы табиғат аясында түсірілген кадрларда ақ көйлек киген Верониканың аяғы ауыр екені көрінеді. Отбасылық видеода олардың ұлы да бар.

Желі қолданушылары жұпты қуанышты жаңалығымен жарыса құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Құттықтаушылар қатарында Ninety One тобының мүшелері, әншілер Назима мен Еңлік және блогер Нагимуша да бар.
“Керемет отбасыңызды құттықтаймыз!”, “Сәбилеріңіз аман-есен дүниеге келсін”, “Өте әдемі жаңалық”, – деп жазды оқырмандар.
Айта кетейік, Батырхан Мәліков пен Вероника Жанғалова бүгінде бір ұл тәрбиелеп отыр. Енді олардың шаңырағы тағы бір сәбимен толығатын болды.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар