Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның шығысында жер сілкінісі тіркелді

Жер сілкінісі
Фото: istockphoto.com

Қазақстанның шығысында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

24 тамызда Астана уақыты бойынша сағат 19:31-де ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы" сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы – Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 875 шақырым жерде орналасқан.

Үлкен-Нарын ауылында жерасты дүмпуі 2 балл шамасында сезілді.

Жер сілкінісінен кейін ТЖМ "Қазселденқорғау" мекемесінің мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін және сел қаупі бар учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізген. Сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстары жүргізілген.

Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылмаған, қазір аталған нысандар штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр.

Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. 

Еске салсақ, 12 тамыз күні алматылықтар жер сілкінісін сезгені туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 24 Тамыз, 2026 20:17