Алматыда жер сілкінісін бақылау мен оның қаупін алдын ала анықтайтын орталық ашылды
Алматыда жер сілкінісін бақылау мен оның қаупін алдын ала анықтауға бағытталған Қазақстан-Қытай бірлескен ғылыми орталығы ашылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, орталықтың ашылуы салтанатты түрде өтті. Оған Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, Алматы әкімі Дархан Сатыбалды және Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулы Су Фанцю қатысты.
“Орталық сейсмология саласында қазақстандық және қытайлық ғалымдардың бірлескен зерттеулер жүргізуіне арналған ғылыми алаң болады. Мұнда жер сілкіністерін бақылау, болжау және олардың қаупі туралы алдын ала ескертуге бағытталған заманауи технология әзірленіп, жетілдіріледі”, – делінген хабарламада.

Сейсмикалық белсенділігі жоғары аймақта орналасқан Алматы үшін орталықт қызметі заманауи ғылыми әзірлемелерді тәжірибеге енгізуге, озық тәжірибемен алмасуға, сондай-ақ қала мен өңірдің сейсмикалық қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.