"Қоқыс өңделіп, электр энергиясына айналады": Қытайлық компания Алматыда үлкен зауыт салады

Қытайлық Hunan Junxin Environmental Protection Co., Ltd компаниясы Алматыда қалдықтарды қайта өңдейтін зауыттың құрылысы бастамақ. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 145,5 миллиард теңгені құрайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Дай Даого премьер-министрі Олжас Бектеновке хабарласып, құрылысты 29 мамырда бастауды жоспарлағанын жеткізді.
Жоба аясында зауытты екі жыл ішінде іске қосу жоспарланып отыр. Ол тұрмыстық қатты қалдықтарды басқарудың заманауи жүйесін енгізуге негізделген. Яғни қоқыс өңделіп, электр энергиясына айналдырылмақ. Кәсіпорын толық іске қосылғаннан кейін жыл сайын көмірқышқыл газының (CO₂) шығарындылары шамамен 200 мың тоннаға азаяды. Сондай-ақ полигондарға түсетін жүктеме 800 мың текше метрге дейін қысқармақ. Бұдан бөлек, "жасыл" энергия өндірісі тұрақты сипатқа ие болады.
Зауыт тәулігіне 2 мың тоннаға дейін қалдықты өңдеп, 60 МВт электр энергиясын өндіруге қауқарлы. Құрылыс кезеңінде кемінде 700 уақытша жұмыс орны ашылса, нысан іске қосылған соң 120 тұрақты жұмыс орны қарастырылған.
Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоба аясында сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді.
"Жоба аясында сенімді электрмен қамтамасыз ететін, цифрлық шешімдерде энергияны пайдалануға мүмкіндік беретін және қыс мезгілінде өнеркәсіп пен қала қажеттіліктері үшін таза жылу жеткізетін үш “жасыл” орталық құру жоспарланған. Сондай-ақ технология енгізу, қосалқы бөлшектер өндірісін жергіліктендіру, жергілікті мамандарды даярлау және экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған үш база қалыптастырылады", — деп хабарлады ведомство.
Олжас Бектенов тиісті мемлекеттік органдарға жобаны уақтылы іске асыру үшін жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.
"1 миллион теңге талап еткен": Топ болып қыз зорлағаны үшін 15 жылға сотталған жігіттердің жақындары сот шешіміне қарсы шықты
Оқыңыз