Алматылықтар жер сілкінгенін сезді
Алматы тұрғындары жер сілкінісі туралы хабарлап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметі бойынша, Қырғызстанда 12 тамызда сағат 12:14-те 5,1 баллдық жер сілкінісі тіркелді. Эпицентрі шамамен 6 шақырым тереңдікте орналасқан.
Эпицентрі Бішкектен оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 127 шақырым және Нарыннан солтүстік-батысқа қарай 71 шақырым жерде орналасқан.
Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілгенін хабарлады. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар
