Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 25 тамыздан бастап электрсамокаттарға жаңа шектеулер енгізіледі

электрсамокат
Фото: magnific.com

25 тамыздан бастап Алматыда электрсамокатпен жүру тәртібі өзгереді. Тротуармен жүруге тыйым салынып, жолға шығатындарға жас, жүргізуші куәлігі мен қорғаныш дулығасына қатысты талаптар қойылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

25 тамыздан бастап Алматыда электрсамокатпен жүрудің жаңа тәртібі енгізіледі. Полиция самокатшыларға негізгі шектеулерді еске салды.

Енді тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолында электросамокатпен жүруге тыйым салынады. Ал жолдың жүру бөлігінде тек 18 жастан асқан, жүргізуші куәлігінің кез келген санаты бар және қорғаныш дулығасын киген адамдар ғана жүре алады.

Сонымен қатар қараңғы уақытта жарық шағылыстыратын элементтер болуы керек;

  • жолаушы мен жүк тасымалдауға болмайды;
  • жаяу жүргіншілер өткелінен өткенде самокаттан түсіп, жаяу өту қажет;
  • прокаттағы электросамокаттар мемлекеттік тіркеу нөмірімен және міндетті сақтандырумен қамтамасыз етілуі тиіс.

Ал кикшеринг компаниялары самокаттардың техникалық жағдайын, жылдамдығын және орналасқан жерін бақылауға міндетті.

Еске салайық, 2025 жылғы 1 маусымнан бастап Алматыда Қазақстан мен өңір үшін бірегей жоба Біріккен микромобильдік оператор іске қосылады. Бұл жоба қалалық мобильділік басқармасы мен полицияның қолдауымен, Jet, Yandex, Whoosh сияқты ірі шерингілік қызметтермен бірлесе жүзеге асырылды. Жоба қалада микромобильдерді қауіпсіз және реттелген түрде қолдануға, жол тәртібін жақсартуға және адамдарға дұрыс пайдалану мәдениетін үйретуге бағытталған.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 24 Тамыз, 2026 18:02