Соңғы жаңалықтар

Тоқтар Серіков: Шырша тікпеймін, бірақ әлемдік мерекеге қарсы шығуға хақым жоқ

Жаңа жылды кім, қайда қарсы алады?! Әдетте, мереке күні халыққа қызмет атқаратын отандық шоу-бизнес өкілдерінің басым көпшілігі бұл жолы ескі әдетінен бас тартып отыр. Тауық жылын табысты аяқтаған танымалдардың бір тобы Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында, 31-ші желтоқсан күні құрған жоспарларымен бөлісті.

Мәселен, бұрындары барлық үй шаруасын марқұм балаларының анасына тапсыратын Абай Бегей, биыл жаңа жыл күнін жанұясына арнайды. Жұбайынан жастай айырылған әнші сол күні кішкентай қызғалдақтарының қызығы үшін Алматыдан Ақтауға арнайы ат басын бұрып, айтулы мерекені перзенттерімен бірге тойламақ ниетте.

«Кішкентай қыздарым үшін биыл үйде қарсы аламын. Олар әлі кішкентайлау. Олардың кішкене көңілін аулап, сыйлық алып беремін. Өйткені, анасы да жоқ. Егер анасы болса, мен үйде қарсы алмай, жұмысымда жүре берер ме едім. Анасының жоқтығын білдірмеуге тырысып жүрмін. Сондықтан жаңа жыл күні қыздарымның қасында боламын», – дейді Абай Бегей.

Сонымен қатар бұл тізімде Тарғыновта бар. Әр жылын халықтың арасында ән салып қарсы алатын Асхат биыл бұрынғы үрдісті бұзған. «Чип чип» әнінің орындаушысы жаңа жыл күні барлық кештерден бас тартып, жанұясының жанында болуды ұйғарыпты.

«31-ші желтоқсан күні мен ешқайда бармаймын. Үйде бала-шағаммен, келіншегіммен боламын. Ауылдан анам келеді. Сол ет асып, үйде отырамыз ба деген жоспар бар. Оның үстіне осы жылы ұлды болдым. Қаңтардың басында қырқынан шығарайық деп жатырмыз. Соған дайындаламыз дегендей… Балам қарақұлақтанып өскенге дейін, отбасымнан жыраққа кету ойымда жоқ», – дейді Асхат Тарғынов.

Музарттық музыканттар да жаңа жылды жақындарының жанында өткізеді. Мәселен, жыл бойы әнсапар, тойларда жиі жүретін Сәкен желтоқсанның соңғы күнінде Майғазиевтер әулетін бір шаңырақ астына жиып, ақ дастархан жаюды дәстүрге айналдырғаны қашан…

«Әлем есеп беретін, ескі жылмен қоштасып, жаңа жылды құшақ жая қарсы алатын күні әулетімізбен ет асып қойып, жылы үйде сорпа шіп, теледидар көріп отыруды жоспарлап отырмыз. Ал, жанұямызда айтарлықтай дәстүр жоқ. Әр күніміз мереке болуы керек. Сондықтан, бір-бірімізді бағалауға, жылы қабық танытуға, құшақ жайып қарсы алуға, үйдің ішінде көтеріңкі көңіл-күй болуын талап етемін көп кезде», – дейді Сәкен Майғазиев.

Ал, Тоқтар Серіковтің отбасында да әр жыл сайын қалыптасқан қағида бар. Әнші жаңа жылға бір апта қалғанда қаладан ауылға қарай бет алады екен. Ескі жылмен қоштасып, жаңа жылды туған жерінде өткізетін жұлдызды жұп, үш ұлымен қаңтардың ортасына дейін Шығыс Қазақстан облысында болады.

«Мен жылдағы дәстүр бойынша ауылда шешемнің қасында, бала-шағаммен барып қарсы аламын. Мен айтарлықтай әлем-жәлем қылып шырша тікпеймін. Отшашуды дүркіретіп аспанға атпаймын. Бірақ ел қатарлы жылдың ауысқанын балаларыма сезіндіремін. Бұл әлемдік мереке. Оған қарсы шығуға хақым жоқ. Ең басты мақсатым балаларыма таза ауа жұтқызып, атқа мінгізіп, туған жерге табан тіреу ғой…», – дейді Тоқтар Серіков.

Ал, Шімән апаның кейпіндегі актер жаңа жыл күні әженің образын Аяз атаға алмастырады. Ерболат Төлегенов достарымен аталмыш мерекені естен кетпестей етіп қарсы алу мақсатында, 31-ші желтоқсан күні ерекше эстафета ұйымдастырады екен.

«Баяғыда кішкентай күнімізде жаңа жылды қатты күтетін едік. Қазір балаларым тағатсыздана күтіп жүр. Сыйлық күтіп жүр. Балалардың көңілін көтеру үшін достарымыз өзара бір-бірімізге «Аяз ата» болып, кішкентайлардың көңілін көтеруді жыл сайынғы дәстүрге айналдырғанбыз. Биылда жалғасын табады деген ниеттеміз», – дейді актер Ерболат Төлегенов.

Материалды көшіріп басу үшін Stan.kz сайтының хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Оқи отырыңыз:

Жұлдыз емеспін: Данэлия Төлешова Жаңа жылды отбасымен қарсы алатынын айтты

Кеудесін көрсетіп суретке түскен Ділназ Ахмадиева желі қолданушыларын ашуландырды (фото, видео)

Ninety one тобы ендігі қазақтың ұлттық аспаптарымен өнер көрсететін болады

Долларлап ақша табатын әншілер Алматыда пәтер жағалап жүргендерін айтты

Төреғали өзін қорғаштаған Мақпал Жүнісоваға өлең арнады

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Головкин - жақсы бизнес көзі": "Канело" үшінші жекпе-жекке келісті

Альварес: "Егер олар маған жақсы ұсыныспен келсе, біз үшінші жекпе-жек өткіземіз"

"Өзін банкрот жариялайтын уақыт жетті": Қоғамдық кеңес жаңа заң шығаруды ұсынды

Белсенділер сонда өмірден түңіліп, суицид жасайтындар азаятынын айтып отыр

Соққыға жығылған Қытай азаматтарының жағдайы бірқалыпты

Тексеріс барысында 33 Қытай азаматының көші-қон заңын бұзғанын анықтады

"Менің кабинетім үлкен емес": Еден жуған шенеунік қызметінен кетті

Әнуар Жанғозин елорданың білім басқармасына басшы болып тағайындалған күннен бастап басы даудың ортасында жүрді

Елорданы дүр сілкінткен педофил ұсталды

Педофилдің қашып кеткені туралы әлеуметтік желі арқылы білген елордалық тұрғындар дүр сілкінген

20 дана таблетка ішкізіп, алып кеткен: Шымкентте жоғалған азаматты тапты

Қайта келгенде ұлының дені сау болмаған

"Аяусыз ұрған": Қарағандыда қыздар арасындағы төбелестің видеосы тарап кетті

Бірін-бірі аяусыз сабаған қыздардың не бөлісе алмай қалғаны - түсініксіз

Жас бүлдіршіннің әнін сүйемелдеген Димаш Құдайберген жұртты сүйсінтті

Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин бұл туралы парақшасында жариялады

Атыраудағы сәби өлімі: Бас дәрігердің телефондағы жазбасы толық жарияланды

Немереснің тағдырын телефон арқылы шеше салған екі дәрігердің әңгімесін естігелі әжейдің ұйқысы қашқан

"Тіл тартпастан көз жұмған": Ерболат Беделханның ата-анасы қайтыс болған жол апатына байланысты полиция мәлімдеме жасады

Қарсы бағыттағы жүккөлігімен соғысқан жолаушылар оқиға орнында жан тапсырған
Çàãðóçêà...