Соңғы жаңалықтар

Ninety one тобы ендігі қазақтың ұлттық аспаптарымен өнер көрсететін болады

«Найнти уан» тобын көпшілік сынады, үркітті, ал жер-жерде олардың сахнаға шығуына қарсылық танытты. Осы оқиғадан кейін топтың өмірі күрт өзгерді десе болады. Алты ай бойы сахнаға шығудан бас тартты. Сол уақыт ішінде олар қол қусырып отырмапты. Өнер жолында көрген қиындықтарын фильм етіп түсіріп, көпшілікке ұсынды.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

«Көрермен не қалады соны көрсеткіміз келді. Тыңдармандар оларға көп берген сайын олар көп қалайды. Уақытылы жеткізіп тұру ол екінші сұрақ. Бір жылдың ішінде жоспарлаймыз не істейтінімізді. Содан кейін нақты жұмыс басталады», – дейді «Ninety one» продюсері Ерболат Беделхан.

Сахнаға шықпаған уақыт аралығында топтың тыңдармандары азаймапты, керісінше одан сайын саны артқан. Киноның да әсері бар сияқты.

«Біздің тыңдармандар саны көп. Қаншама қарсы болса да. Себебі, әніміз олардың жүректеріне тиеді. Әр жас соны ойлайды. Бірақ айта алмайды. Соны осы жастар арқылы жеткіземіз», – дейді «Ninety one» продюсері Ерболат Беделхан.

Дегенмен, топ продюсері Ерболат Беделхан бүгінде қоғам «әнші қауымын» сыйламайды, не бағаламайды деп қынжылады.

««Артист» деген ұғым қатты төмен түсіп кетті. Бұрын сыйлы болатын. Біздің мақсатымыз «артист» деген ұғымды бұрынғы дәрежеге алып келу. Сондықтан да, көп жұмыс істейміз.», – дейді «Ninety one» продюсері Ерболат Беделхан.

«Өнер жолы ауыр жол». Бұл ұғымды топ мүшелері де жақсы түсінеді. Сондықтан да олар үшін кедергілердің болуы заңды екен.

«Қазіргі өміріміз қызық емес сияқты емес. Керісінше, кедергілер жоқ болғандықтан жұмыс көп. Жұмыс көп болғандқтан, берілетін контент көп. Жұмыс көп болғандықтан, уақыт аз», – дейді «Ninety one» тобы.

Біраз сынның астында қалған Найнти уан тобы жаңа жыл қарсаңында өзінің фанаттарына шоу-концерт ұйымдастырып жатыр.

Ел алдына шығудан біраз қорқып қалған «Найнти уан» тобы шығармашылық кешін жылдың соңында беруі тегін емес екен. Екі бірдей бейнебаян түсіріпті. Сондықтан да шығармашылық кешке өте аз дайындалған.

Кеште «Найнти уан» тобы бірнеше су жаңа әннің тұсауын кесті. 2500 көрермен сиятын Алматы арена залында 91 тобы қорытынды концертін шоу қылып өткізді. Топтың иглздары фонограммасыз 4 сағатқа жалғасқан кешті тігінен тік тұрып еш шаршамастан тамашалады. Бір қызығы, аталмыш кеште топ тек кью поп стиліндегі әндерді ғана шырқап қоймай, лирикалық туындыларды да орындады.

Дегенмен, «кью поп» стилін ұстанатын 91 тобы болашақта қазақтың ұлттық аспабы домбыра, жетіген, тіпті қобызды да әндеріне қосып шырқауды көздейді.

«Студияда көптеген эскперименттер жасаймыз. Болашақта домбыра,қобыз, жетіген болсын,қай қайсысын болсын қолданып көреміз», – дейді «Ninety one» тобы.

Бір қызығы, 91 тобы кеш өткізгенде арнайы сценарий құрмайды екен.Тікелей тыңдарманмен жұмыс жасай береді. Тауық жылы төрімізді босатып, тұғырын итке табыстауға санаулы күн ғана қалды. Биыл шоу-бизнес өкілдері үшін табысты болды. Бірі үйленді, енді бірі көптен күткен кешін өткізді. 31 арнаның көрермендерін жаңа жылымен сүйікті әншілері де құттықтады.

Оқи отырыңыз:

Долларлап ақша табатын әншілер Алматыда пәтер жағалап жүргендерін айтты

Әсел Сәдуақасова мемлекеттік марапат алғанын сынағандарға жауап берді

Төреғали өзін қорғаштаған Мақпал Жүнісоваға өлең арнады

70 жастағы павлодарлық қария халықтан Төреғалиді кешіруді сұрады (видео)

Жазира Байырбекова тұрмыс құрмаған және ажырасқан әйелдерді сөкпеуге шақырды

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Головкин - жақсы бизнес көзі": "Канело" үшінші жекпе-жекке келісті

Альварес: "Егер олар маған жақсы ұсыныспен келсе, біз үшінші жекпе-жек өткіземіз"

"Өзін банкрот жариялайтын уақыт жетті": Қоғамдық кеңес жаңа заң шығаруды ұсынды

Белсенділер сонда өмірден түңіліп, суицид жасайтындар азаятынын айтып отыр

Соққыға жығылған Қытай азаматтарының жағдайы бірқалыпты

Тексеріс барысында 33 Қытай азаматының көші-қон заңын бұзғанын анықтады

"Менің кабинетім үлкен емес": Еден жуған шенеунік қызметінен кетті

Әнуар Жанғозин елорданың білім басқармасына басшы болып тағайындалған күннен бастап басы даудың ортасында жүрді

Елорданы дүр сілкінткен педофил ұсталды

Педофилдің қашып кеткені туралы әлеуметтік желі арқылы білген елордалық тұрғындар дүр сілкінген

20 дана таблетка ішкізіп, алып кеткен: Шымкентте жоғалған азаматты тапты

Қайта келгенде ұлының дені сау болмаған

"Аяусыз ұрған": Қарағандыда қыздар арасындағы төбелестің видеосы тарап кетті

Бірін-бірі аяусыз сабаған қыздардың не бөлісе алмай қалғаны - түсініксіз

Жас бүлдіршіннің әнін сүйемелдеген Димаш Құдайберген жұртты сүйсінтті

Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин бұл туралы парақшасында жариялады

Атыраудағы сәби өлімі: Бас дәрігердің телефондағы жазбасы толық жарияланды

Немереснің тағдырын телефон арқылы шеше салған екі дәрігердің әңгімесін естігелі әжейдің ұйқысы қашқан

"Тіл тартпастан көз жұмған": Ерболат Беделханның ата-анасы қайтыс болған жол апатына байланысты полиция мәлімдеме жасады

Қарсы бағыттағы жүккөлігімен соғысқан жолаушылар оқиға орнында жан тапсырған
Çàãðóçêà...