Тоқаев: Жалақысы төмен азаматтар салықты азырақ төлейді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев прогрессивті салық салу шкаласын енгізу мәселесін пысықтауды тапсырды. Оның пікірінше, бұл "әлеуметтік әділеттілік" үшін қажет, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Прогрессивті шкаланың мәні - жалақысы төмен азаматтар салықты бүгінгі күнге қарағанда, азырақ төлейді, ал жалақысы жоғары жұмысшылар үшін салық мөлшері артады", - деді президент.
Ол белгілеген мақсат- жалақы сегментін "көлеңкеден" шығару. Егер ставка төмендетілсе, конвертке жалақы салып төлеу аз болады.
Президент сондай-ақ азаматтардың қарыздық жүктемесінің ұлғаюына жол бермеу үшін тұтынушылық несиелеу нарығының жәй-күйін бақылауды жалғастыруды тапсырды.
"Қаржы нарығын реттеуші орган проблемалы несиелері бар қарыз алушыларды қалпына келтіруді қарастыруы керек.
Сондай-ақ, қарыз алушыға және өнім түріне байланысты несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді есептеу тәсілдерін қайта қарау керек", - деді Тоқаев.
Азаматтардың мүдделерін қорғау үшін банктік емес несиелік ұйымдарға бақылау күшейтіліп, келесі жылдан бастап микроқаржыландыру қызметін лицензиялау енгізілетін болады.

"Қанды Қаңтар" алдында газ бағасын көтеруді қолдаған мұнай сарапшысы тағы сынға қалды: Енді жолақыны қымбаттатуды ұсынды
