Тоқаев Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісім жобасын мақұлдады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісім жобасын мақұлдады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қоса беріліп отырған Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын", - делінген Тоқаевтың жарлығында.
Қордың мақсаты – аймақішілік сауданы кеңейту және экономикалық белсенділікті қолдау арқылы Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттердің экономикалық дамуына жәрдемдесу.
Құжатқа Қазақстанмен бірге Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан елдері қол қойған.
- "Геосаяси және экономикалық ахуал мәз емес": Тоқаев Түркі мемлекеттері арасындағы байланысты дамыту керегін мәлімдеді
- "Бос сөздің уақыты өтті": Тоқаевтың тың бастамасы және партиялар сайлауынан кейін елімізде қандай өзгеріс болады
Қор капиталы 10 000 бастапқы акцияны, әрбір ТМҰ мүшесі үшін 2 000 акцияны құрайды, әрбір ел үшін төленген акцияның жалпы номиналды құны 70 миллион долларды және әрбір ел үшін тартылған акцияның жалпы номиналды құны 30 миллион долларды құрайды.
Еске салайық, бұған дейін еліміздің Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісімге қол қоюға дайындалып жатқаны жазылған.

"Әйелдерді ылғи ұрысқақ, долы, толық етіп көрсетеді": Қоғам белсенділері қазақ киносындағы әйелдің образы неге өзгермейтінін талқылады
