Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Армения президентін салтанатты түрде қарсы алды
Ақорда резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Армения Президенті Ваагн Хачатурянды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ваагн Хачатурян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұраны орындалды.
Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.
Еске салайық, мемлекет басшысы мемлекеттік сапармен Түркіменстанға барған еді. Сапар барысында екі ел президенті Ашхабадта Абай ескерткішін ашты.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар