Түрікменстанға барған Тоқаев жергілікті халықтың құрметіне кортежінің түсін өзгертті (видео)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан халқының сүйікті түсін ескеріп, сыйластық ретінде кортежінің түсін қарадан аққа өзгертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ақорда
Ақордада Түрікменстанның Ашхабад қаласына ресми сапармен барған Тоқаевтың суреттері жарияланды. Президент кортежін әдеттегі қара түскен, аққа ауыстырған. Бұл мемелекет басшысының түрікмен халқына деген құрметі екен. Түрікменстан халқы үшін ақ түс тазалықтың, амандықтың белгісі. Сондай-ақ мәдениетінде де ерекше орын алады.
Журналист Әділ Балтабаев бұған ерекше назар аударды.
“Қараңыздаршы, президенттің көлігі ақ түсті. Кейінгі екі жылда мұндайды бірінші рет көруім. Кортеж түгелдей ақ түсті. Әдемі көрінеді”, – дейді тілші.
Бұған дейін Тоқаев пен Бердімұхамедов Ашхабадта Абай ескерткішін ашқан еді.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен