Тоқаев Индонезия басшысына Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыртуын табыс етпек
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 12-14 наурыз аралығында Индонезияда іссапарда болады.

Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Сенат Төрағасының Индонезия Президенті Джоко Видодомен кездесуі сапардың басты оқиғасы болмақ. Тоқаев онда Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша барады. Елбасы Индонезия президенті Джоко Видодоны Қазақстанға шақырды. Мемлекет басшысы индонезиялық әріптесіне “VI әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне” қатысуды ұсынды.
Сенаттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Индонезия Халық кеңесшілері конгресінің басшымен өтетін кездесуде парламентаралық байланыстарды нығайтудың келешегі туралы әңгіме болмақ. Келіссөздер барысында саяси және экономикалық екіжақты ынтымақтастық мәселелерін де талқылау көзделіп отыр.
Жіберіп алмаңыз:
Астанада Scat әуекомпаниясының жолаушылары Мысырға ұшып шыға алмай отыр
Британдық боксшы Робин Дикин Головкинді «қатынға» теңеді
Данэлия Төлешова Мәскеуде әйгілі ZAZ-бен бірге ән салады
Жаңажолдағы мұнай-кен орнындағы жарылыс: зардап шеккен жұмысшы үш апта бойы ауруханада жатыр
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған