Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Данэлия Төлешова Мәскеуде әйгілі ZAZ-бен бірге ән салады

Данэлия Төлешова Мәскеуде өтіп жатқан І Халықаралық кәсіби музыкалық BraVo сыйлығының концертінде әйгілі ZAZ-бен бірге ән айтатыны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы BraVo сыйлығының Instagram желісіндегі парақшасында хабарланды.

«BraVo сыйлығының кішкентай жұлдызы кім екенін хабарлайтын сәт туды. Ол өз жасына қарамастан көптеген жетістікке жетіп үлгерген. Ол «Аялаған Астана» байқауында жеңіске жетіп, «Балалар Жаңа Толқынында» финалға шығып, «Көрермендер көзайымы» сыйлығын иеленді. Сондай-ақ, «Надежды Европы» халықаралық байқауында Гран-при иеленіп, таяуда украиналық «Голос» шоуында жеңіске жетті. Ол жобада жеңімпаз атанған алғашқы шетелдік болды. Мұндай бастамасымен, дарынымен және еңбекқорлығымен оны үлкен шығармашылық жол күтіп тұрғаны анық. 10 наурызда Данэлия француз әншісі ZAZ-бен бірге «Je veux» әнін орындайды. Ал біз оған «BraVo» дейміз», – деп жазылған жазбада.

Оқи отырыңыз:

Сәкен Майғазиев 21 жыл бұрын әйелімен бірге тұрған үйін көрсетіп көпшіліктің жүрегін елжіретті (видео)

Мақпал Жүнісова анасының тойдағы биін көрсетіп жұртты сүйсіндірді (видео)

Бақаеваның енесі: Бір баламды төртеу қылған Салтанатқа алғысым шексіз

Жұбайын туған күнімен құттықтаған Айқын Төлепберген жұрттың қызу талқысына түсті

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр