Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада Scat әуекомпаниясының жолаушылары Мысырға ұшып шыға алмай отыр

Елордада Scat әуекомпаниясының жолаушылары әуе кемесінде туындаған қиындықтарға байланысты Астана-Шарм-эль-Шейх бағыты бойынша ұшып шыға алмай отыр.

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Біз әуежайда отырмыз. Бүгін таңертеңгі сағат 9-да Scat әуекомпаниясынан Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласына ұшып шығуымыз керек болатын. Бастапқыда рейсті сағат 11-ге ауыстырды. Кейіннен ертең таңғы сағат 4-те ұшып шығатынымызды мәлімдеді. Қазіргі уақытта компания өкілі ертең таңғы 5-те сапарға аттанатынымызды айтты. Оның өзі күмәнді. Себебі борт сынып қалған екен. Біз мұнда таңғы сағат 6-да келгенбіз», – дейді жолаушылардың бірі Роза Әбдірахманова.

Ал аталған әуекомпаниясы өкілдері әуе кемесіне қосымша техникалық қызмет қажет екенін мәлімдеді.

«Басқа қалалардан келген жолаушыларды қонақүйге орналастырдық. Бәрін құлағдар еттік. Ал осы қалада тұратындар түнде келеді. Рейс түнде ұшып шығады деп үміттеніп отырмыз. Себебі бұл әуе кемесіне қосымша техникалық қызмет қажет болды. Ұшақты жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда жолаушылар ұзақ күтіп қалмас үшін, әуе кемесін ауыстыратын шығар», – дейді әуекомпаниясындағылар.

Оқи отырыңыз:

Ақтауда әйелдер балаларға арналған қойылым кезінде төбелесіп қалды (видео)

Түскі асқа 14 мың теңге жұмсаған «Ақтөбе» футболшысы арзан бағаға тамақтанғанын айтып мақтанды (фото)

Алматылық 14 жасар қыз АҚШ-та каратэден чемпион атанды

Биатлоннан Қазақстан құрамасы жекелей аралас эстафетада үздік ондыққа енді

Талқылау