Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев еліміздегі үйлердің қымбаттауын қалай реттеуге болатынын айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол жетімді баспана мәселесін шешу үшін құрылыс ұйымдарымен алдын ала келісім жасауды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

үй

Президент 2020 жылы үйлерді қолданысқа берілуі 11,2%-ға өскенін айтып, мұның жағымды көрсеткіш екенін алға тартты. Дегенмен жаңа пәтерлердің 40%-ы Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан орналасқан екен. 

"Баспана бағасы қымбат. Нарықтың өз ережелері бар. Экономикалық факторларға ескере келе, құрылыс компаниялары арзан үй салуға қызықпайды. Қол жетімді әрі сапалы баспана салуға ниеттендіру үшін олармен офтейк-келісім орнатқан жөн. Яғни, құрылыс ұйымдарымен сатып алу-сату келісімшарттарын алдын ала жасасқан дұрыс. Сәйкесінше, баспана "Нұрлы жер" бағдарламасының құнымен сатып алынады", - дейді мемлекет басшысы. 



Айтуынша, бұған дейін мұндай бастама пилоттық режимде қолданылған.

"Қазір айтылған үрдісті бүкіл мемлекет деңгейінде жүзеге асыру керек. Соның арқасында бағасы тиімді баспананы аз уақыт ішінде тұрғызуға мүмкіндік туады", - деді Тоқаев. 

Талқылау