Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев елдегі вакцинация үрдісін сынға алды: Президент Цойға жағдайды түзетуге бір ай уақыт берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды сынға алды. Президент елдегі вакцинациялау үрдісінің баяу жүріп жатқанын алға тартып, министрге жағдайды түзетуге бір ай уақыт берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқаев пен Цой

"Біз иммунизациялау жағынан көшбасшы елдерден айтарлықтай артта қалудамыз. Бүгінгі күні тек 47 мың адам толыққанды вакцинациялаудан өткен. Бұған себеп - вакцина жетіспеушілігі. 

Үкімет Спутник V өндірушілерімен келісім орнатуының және  екпенің тиісті мөлшерде Қазақстанда өндіруінің арқасында елдегі вакцинаға деген қажеттілік біржолата шешіледі деп сендірген еді. Осыған орай, мен 1 ақпанда жаппай вакцинация басталатынын жария еттім. 

Екі айда халықтың тек 0,2%-ы ғана екпе алған! Бұған қоса, мен басқа мемлекеттердің басшыларымен вакцинаның қосымша мөлшерін жіберуге өтініш білдіруіме тура келді. Біз коммерциялық және қаржылық жағынан тиімсіз келісімге келудеміз" , - деді Тоқаев.

Бұған қоса, ол денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қатаң сынға алып, жағдайды бір айда түзетуді тапсырды.  

"Вакцинациялау үрдісінің созылуы - қарапайым мәселе емес. Бұл, біріншіден, халықтың қауіпсіздігімен тығыз байланысты. Тұрғындардың арасында ауру жұқтыру және өлім жағдайлары өсіп, бизнеске шығын келуде. Бюджетке түсетін салық азайып, ел қазынасы кемуде. 

Алексей Владимирұлы, мен сізге бұған дейін денсаулық сақтау министрі үкіметте шешуші рөл атқарады деп айтқан болатынмын. Сіздің құзыретіңіз ерекше. Алғашында жұмысты жақсы атқарып, кейіннен қарқыныңызды бәсеңдетіп алдыңыз. 

Сәуір айында сіз жағдайды жағымды жаққа қарай өзгертуіңіз қажет. Әйткенмен, сізді жұмыстан босатуға тура келеді. Бұл тек денсаулық сақтау министріне ғана емес, бүкіл үкімет мүшелеріне қатысты", - деп қосты мемлекет басшысы. 

Президенттің сөзінше, тұрғындардың індетке қарсы иммунитетін көтеру жұмысы тиімді ақпараттық түсіндіру шараларымен қатар жүруі керек. Осы маңызды жұмысқа кәсіби мамандарды, жаппай екпе салуды қолдайтын белсенді азаматтарды тартқан жөн, дейді ол.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы кәсіпорын жұмыскерлерін, атап айтсақ, қала құрылысы мен жүйелік жұмыстарға жауаптыларды белсенді түрде вакцинациядан өткізуді тапсырды. 

"Азаматтарымызды екпе мәселесіне жауапкершілікпен қарап, түрлі қауесеттерден аулақ болуға шақырамын. Біз, ең алдымен, мына нәрсені түсінуіміз керек: халқымыздың денсаулығы мен материалдық игілігі жаппай вакцинациялауды табысты өткізуімізге байланысты", - деп тобықтады сөзін президент.

Еске салайық, бұған дейін мәжіліс депутаты Ирина Унжакова денсаулық сақтау министрін сынға алып, үкімет басшысына депутаттық сауал жолдаған болатын. Өз кезегінде ведомство өкілдері депутаттың сынына вакцина бекітілген мерзімге сәйкес жүргізілуде деп жауап берді. 

Талқылау