Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Барлық қазақстандықты вакцинациялауға 15 жыл керек": Депутаттар денсаулық сақтау министрлігін сынады

"Нұр Отан" партиясының депутаты Ирина Унжакова елімізде вакцинациялау дұрыс жүргізілмей жатқанын айтып премьер-министрге жүгінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Депутат вакцина салу қарқыны өте төмен екенін және бұлай жалғасатын болса, қазақстандықтарды вакцинациялап біту үшін өте көп уақыт керегін айтып шағымданды. 

"Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір Қазақстанда 101 мың адам ғана вакцинацияланған. Бұл халықтың бір пайызына да жетпейді. Ал вакцина салу екі ай бұрын басталды. Егер вакцина салу осы қарқынмен жалғасатын болса, Қазақстандағы 19 млн халықтың 70 пайызын вакцинациялау үшін шамамен 15 жыл уақыт керек болады. Қазақстандық вакцинаға қатысты әлі мәселе шешілмей жатыр. Қазір тек қана отандық вакцинаның уақытша тіркелгенін білеміз. Алайда нақты ешнәрсе айтылып жатқан жоқ", - дейді депутат. 

Депутат министрді дұрыс жұмыс істемей жатыр деп айыптап, ешқандай жақсы нәтиже ұсына алмай отырғанын айтты. 

"Бұрынғы министр Біртанов пандемиямен күрес бастала салып құрдымға кетсе, бүгін де министр Цой халықты вакцинациялау жұмысын дұрыс жүргізе алмай отыр. Қазіргі министрдің ұсынып отырған ақпараты күннен-күнге нашарлап жатыр. Халық вакцина салдыра алмай жүргенін былай қойып, қай жерде, қашан салдыруға болатынын да білмейді", - дейді депутат. 

Талқылау