Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Димашты туған күнімен құттықтады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әнші Димаш Құдайбергенді туған күнімен құттықтады.

"Құрметті Димаш! Жас кезіңнен өнер жолына түсіп, қажымас қайраттың нәтижесінде биік белестерге жеттің. Алдымен сіз өзіңізді республикалық, содан кейін халықаралық жарыстарда көрсеттің. Әндерің арқылы ұлттық құндылықтарды, қазақ тілін, домбыра мен дәстүрлерімізді таныттың", - деді Тоқаев құттықтау жеделхатында.

Мемлекет басшысы Димаштың алдағы уақытта да Қазақстан мәдениетінің дамуына зор үлес қосатынына, өзінің білімі мен кәсіби шеберлігін арттыратынына сенім білдірді.



"Сізге денсаулық және одан әрі табыс тілеймін!" - деп қосты Тоқаев.

Димаш президентке алғысын білдірді.

"Ықылас, ниетіңіз, құттықтауыңыз үшін көп рахмет, Қасым-Жомарт Кемелұлы! Елімізді өркендету жолында даналық пен басшылық дарын сенімді серігіңіз бола берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, халқымыз бақытты болсын!", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Президент Димаштың құттықтау жеделхатын мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жеткізді. Министр де әншіге ақ тілегін айтты.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген бүгін 27 жасқа толды. Әншінің әкесі Қанат Айтбаев ұлына ерекше жазба арнады

Талқылау