Тоқаев Бішкектегі ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады
Фото: ТАСС
Тоқаев Бішкектегі ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“26-27 қараша күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына барады”, – делінген Ақорданың хабарламасында.
Айта кетейік, 27 қарашада Бішкек (Қырғызстан) қаласында ҰҚШҰ-ның жиыны өтеді деп жарияланды. Сыртқы істер министрлер кеңесі, Қорғаныс министрлері кеңесі және Қауіпсіздік кеңестері хатшылар комитетінің бірлескен отырысы болады деп жоспарланған. Сонымен қатар, ҰҚШҰ-ның Бас қауіпсіздік кеңесінің сессиясы да өтпекші, онда мүше мемлекеттердің бірлескен қауіпсіздік мәселелері қаралады.
Еске салсақ, осыған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовті қарсы алған еді.
"Акушерьге, дәрігерге, медбикеге бересің": Қазақстандықтар мемлекеттік перзентханалардың ақша бермесең қарамайтынын айтып, қызу талқылады
Әйел: “Әр қараған адамға 2 мың теңгеден екі күнге 60 мың теңге бердім”
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады