Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев 42500 теңгелік жәрдемақы туралы сөз қозғады: Мұқтаж жандарға көмек көрсетіліп, алаяқтардың жолы кесілсін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет тарапынан берілетін 42500 теңгелік жәрдемақыға негізсіз өтініш бергендерді сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

теңге

"Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтарға көмек беру үшін жұмыстар жасап жатырмыз. Оларға 42500 теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалуда. 

Қазір 1,7 миллионға жуық қазақстандық әлеуметтік төлемге өтініш білдірді. Осы тұрғыда төлемақы табыстау кезінде еліміздің механизміндегі шикіліктер байқалып жатыр. Мен араласқаннан кейін ведомство өкілдері жедел шаралар іске асырып жатыр.

Орталық және жергілікті басқарушы органдарының ақпараттық-түсікнетемелік жұмыстарының да оң әсері байқалмады. Осының салдарынан тұрғындар арасында түсінбеушілік пайда болып, бірқатар даулы мәселелер туындады. Өздерінің қауіпсіздіктерін ұмытқан адамдар есепшот жасату үшін немесе бірыңғай жиынтық төлемін төлеу үшін сағаттап банктердің алдың торуылдауға мәжбүр болды", - деді Тоқаев. 

Мемлекет басшысы жәрдемақы табыстауда кетіп жатқан шикіліктерді ашып айтты.

"Сондықтан биліктегілерге шұғыл түрде қадамдық механизм құрастырып, оны БАҚ және әлеуметтік желі арқылы әрбір қазақстандыққа түсіндіріп жеткізуі керек. Бұл жағдай еліміздің азаматтары үшін үйлерінен шықпай-ақ мемлекеттік жәрдемақыны иелену үшін қажет.


Тағы оқыңыз


Төлемдік карта ашу тұрғындарға қиынға соғып отыр. Техникалық инфрақұрылымнан бөлек, мемлекеттік органдардың бизнес үдерістері мен нормативті ортасы да дайын еместігін аңғартты. Белгісіз себептерге байланысты карта ашу үрдісі ұзарып кетті. 

Негізі осының арқасында елдегі көлеңкелі электронды төлемдердің санын азайтуға болатын еді. 

Үш күн ішінде қашықтықтан электронды карта ашу мәселесін шешуді тапсырамын. 

Сонымен қатар мыналарды атап айтқым келеді. Азаматтар мемлекеттік жәрдемақының шын мәнінде төтенше жағдайдың себебінен қаржылық қиыншылықтарға ұшырағандарға берілетінін айтамын. Сол себепті жеткілікті табысы барлардың 42500 теңгелік жәрдемақыны алуна жол берілмесін. Алаяқтар мен арам пиғылдылардың жолын кесілсін",  - деп қосты президент.  

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр