Тоқаев: 42500 теңге ресми түрде жұмыссыз қалғандардан бөлек, табыссыз қалған барша қазақстандыққа беріледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты 42500 теңгелік жәрдемақы табыссыз қалған барша қазақстандықтарған төленетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"42500 теңге көлеміндегі осы көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді тапсырамын.Соған орай, бұл қолдауға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндер де ие болады. Бұл көмек белгіленген тәртіп бойынша шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана беріледі. Жалпы, 3 миллионға жуық азаматымызға қолдау көрсетіледі.
Әрине, ресми емес табысы жетерлік азаматтар жәрдемақыға заңсыз жүгінулері мүмкін. Біздің елімізде мұндай жағдайлар бұрын тіркелген болатын. Десек те бірең-сараң азаматтар үшін біз барлық қазақстандықтарға қиын-қыстау кезінде көмек көрсетуден бас тарта алмаймыз", - деді Тоқаев.
Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы көтеріледі
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”