Теннистен Қазақстан құрамасы АҚШ-пен кездеспек
Теннистен Қазақстан құрамасы командалық әлем чемпионатының топтық кезеңінде екінші кездесуін өткізеді. Біздің спортшылардың қарсыласы АҚШ құрамасы болмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.

АҚШ құрамасы Дэвис кубогы тарихындағы ең титулды команда. Бүгінгі әлемдік рейтингте АҚШ 4-орында тұр. Ал Қазақстан 9-орында. Құрама мұндай жекпе-жектері жеткілікті Михаил Кукушкинге үміт артуда. Егер Михаил кортқа шықса, бұл Кукушкиннің Дэвис кубогындағы Қазақстан құрамасы сапындағы 50- ші кездесуі болмақ. Ұлттық құраманы тағы да қолдауға келген қазақстандық жанкүйерлер Михаилге де ерекше назар салмақ.
“Бұл ықыласты көргенде ол энергия алады. Қазақстан құрамасы үшін бұл ең жақсы матч болмақ”,- деді жанкүйер Марат Баймұхаметов.
Бір топ спорт жанкүйерлері шетелдегі барлық дерлік матчтарда ерлер мен әйелдер құрамаларына қолдау көрсетіп келеді.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған

