Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Барыс" ҚХЛ-де жеңіске жетті

“Барыс” хоккей командасы құрлықтық хоккей лигасында жеңіп, осы маусымдағы алғашқы кубогын иеленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

барысСурет: Championat

Клуб капитаны Линден Вейдің дублі қазақстандық командағы маусымның алғашқы жеңісін әкелді. Маусымның бесінші матчында челябілік “Трактор” командасына қарсы ойнап, 3:1 есебімен басып озды. Ойын Қазақстанда өтті. 

Төрт ойын қатар жеңілгеннен кейін “Барыс” бапкері топтың құрамын өзгерткен. Қақпаға Никита Бояркинді қойып, Батырлан Мұратов пен Владислав Семиннің орнына Әлихан Асетов и Егор Шалаповты ауыстырды.

Матчтың алдында құрамаға Юлиус Гудачек пен канадалық ойыншы Нельсон Ножье қосылған.



Ойынның 7 минутында Линден Вей қақпаға гол салды. Санаулы уақыттардан соң, екінші голды Кирилл Савицкий еншіледі. Ойынның екінші бөлімінде ешкім гол салмады. Бірақ үшінші кезеңде челябіліктер бір гол салып, есепті 2:1 қылды. Матчтың аяқталуына бірнеше секунд қалғанда Линден тағы бір гол салып, команда 3:1 еншісімен жеңісті қанжылады.

Келесі ойын 15 қыркүйек күні Қазақстанда омбылық “Авангард” командасына қарсы өтеді.

Талқылау